Қостанай облысында полиция 15 жасар жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Қостанай облысының ПД облыста 16 сәуірде Боровской мектеп-интернатынан кеткен 15 жастағы жасөспірім Рустам Ташмағамбетовты іздестіру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Кәмелетке толмаған бала Әулиекөл ауданының тумасы. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері облыс орталығында және аудандарда іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Полицияның барлық құрамы жұмылдырылған, іздеуге еріктілер қосылған. Жасөспірімнің орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға 102 телефоны арқылы хабарлауына болады.