Қостанай облысында 200 келіден аса есірткі жойылды

994

Қостанай облысы полиция департаментінің аумағында заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарын жою акциясы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысында 200 келіден аса есірткі жойылды

Нәтижесінде, өңірде 200 келіден аса есірткі жойылды. 

Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ерадилованың айтуынша, бұл есірткі қылмыстық істер бойынша заттай дәлел болған.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында есірткіге қарсы насихат жүргізу, есірткінің қайталама айналымына жол бермеу.

Акцияға Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 40-тан аса еріктісі қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу