Қостанай облысында 21 адамнан бруцеллез анықталды

380

Оның төртеуі бала

Қостанай облысында 21 адамнан бруцеллез анықталды Фото: SN.kz

Қостанай облысында алты ай ішінде 21 адамнан бруцеллез таяқшасы табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Ал республикалық орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары

Бруцеллез дерті ішкі органдарды зақымдап, асқынған жағдайда кемтарлыққа соқтыруы мүмкін. Індет адамға ауру малдың етін, сүтін тұтынғанда жұғады.

"Барлық жағдайда ауырған адамдар індетті өздерінің үйіндегі жануарлардан жұқтырған. Әзірге олардың арасында дерті асқынғандар жоқ. Тиісті емшараларды қабылдап жатыр", дейді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу