Қостанай облысында 24 адам қар құрсауынан құтқарылды

489

Облыс жолдарында құтқару жұмыстары жалғасуда.   

Қостанай облысында 24 адам қар құрсауынан құтқарылды Фото: aikyn.kz

6 ақпанда Қостанай облысы ТЖД бөлімшелері Наурызым, Қамысты, Қарасу аудандарының аумағында 4 авариялық-құтқару операциясын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 24 адам құтқарылды, оның ішінде 8 бала бар.

"Төтенше жағдай салдарын жоюға 10 қызметкер, 4 бірлік арнайы техника қатысты. Жергілікті жерлерде барлығы 4 уақытша блок-бекеттердің, ТЖД жеке құрамының 4 адамы мен 2 бірлік техника, ПД (жеке құрамның 5 адамы, 4 бірлік техника) кезекшілігі ұйымдастырылды. 160 орынға арналған 4 жылыту пункті дайындалды", - делінген хабарламада.

Автокөліктердің жиналуы тіркелген жоқ.

Ақпаратқа сәйкес, ауа-райының нашарлауына байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу