Қостанай облысында 27 мың адам медициналық сақтандырусыз қалуы мүмкін

586

Аймақта жұмыс берушілердің тек 6 пайызы ғана өз жұмысшыларын сақтандыру қорының деректер базасына енгізген.

Қостанай облысында 27 мың адам медициналық сақтандырусыз қалуы мүмкін

Қостанай облысында 27 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік сақтандырусыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Аймақта жұмыс берушілердің тек 6 пайызы ғана өз жұмысшыларын сақтандыру қорының деректер базасына енгізген. Олар – 2020 жылдың 1 қазанына дейін жарна төлеуден босатылған шағын және орта бизнес пен жеке кәсіпкерлер.

Медициналық сақтандыру қорының деректер базасына шағын және орта бизнестің осындай 29 санаты енгізілген. Ал, Қостанай облысы бойынша осы топқа жататын 24 мыңнан астам жеке кәсіпкерлік бар. Биылғы І тоқсандағы мәлімет бойынша жұмыс істеп тұрғаны – 10 мың 500. Мұндағы жұмысшылары саны – 35 мыңнан асады. Алайда, бүгінде небәрі 684 кәсіпкерлік ғана медициналық сақтандыру қорына өз деректерін тіркеген. Нәтижесінде солардың 7 мың 285 қызметкері ғана сақтандыру мәртебесін алып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу