Қостанай облысында 3 мыңғы жуық волонтер су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда

220

Өңірлердегі еріктілердің жұмысын жастар ресурстық орталықтары үйлестіреді.

Қостанай облысында 3 мыңғы жуық волонтер су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда Фото: azattyq-ruhy.kz

Қостанай облысында 3 000 жуық волонтер су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Өңірдің барлық аймақтарында еріктілер жасақтары құрылып, 3 000 жуық волонтер су тасқынына қарсы іс-шараларға, халықты эвакуациялау және гуманитарлық көмек таратуға белсенді ат салысуда. Өңірлердегі еріктілердің жұмысын жастар ресурстық орталықтары үйлестіреді.

"7 сәуірдегі жағдай бойынша су басу қаупі жоғары аймақтарда жасақталған еріктілер саны 1 760 адамнан асқан. Қостанай қаласында 1 240 астам ерікті жұмылдырылған, 2 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде: төсек жабдықтарын және т.б. жинап, Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының эвакуациялық пункттеріне жеткізу, ыстық тамақ тарату. Қаптарды құммен толтырып, бөгет орнату", - деді Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының директоры Абай Дүйсеков ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қазіргі уақытта өңірлердегі барлық еріктілер эвакуация туралы ескерту үшін үй-үйді аралап, бөгеттерді нығайту, арықтар мен су арналарын бұрып, азық-түлік жеткізу, қаптарды құммен толтыру, оңтүстік өңірлерде (Арқалық қ., Амангелді және Жангелді аудандары) гуманитарлық көмек тарату сияқты жұмыстарға жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу