Қостанай облысында 3 жасар қызды питбуль талап тастады

Ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты.

Қостанай облысында 3 жасар қызды питбуль талап тастады Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында питбуль 3 жасар қызды талап тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 6 мамыр күні Тобыл қаласында болған. Ит 3 жасар қыздың бетінен бассалып, талап тастаған. 

Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкий бала ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болғанын айтады. 

"Қыз ауыр халде ауруханаға түскен. Шошынып шалған, ерні, беті жыртылған. Оған шұғыл ота жасалды. Ерні мен бетін тігуге тура келді. Ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі жағдайы бірқалыпты. Әдетте ит талағаннан кейін мұндай жаралар іріңдейді, әсіресе бет, бұл өте қауіпті. Инфекция миға түседі. Бұл жолы қызда бәрі жақсы. Дене қызуы көтерілген жоқ. Бірнеше күннен кейін тігістерді аламыз", - деді Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу