Қостанай облысында 3 жұмысшы көз жұмды

670

Тағы бірі ауруханаға жеткізілді.

Қостанай облысында 3 жұмысшы көз жұмды

Қостанай облысында қайғылы жағдай орын алды. Су желілерін жөндеу кезінде үш жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды alau.kz.

Қостанай облысы еңбек инспекциясының басқарма жетекшісі орынбасары Бақытжан Макеевтің айтуынша, оқиға кеше Алтынсарин ауданындағы Шоқай ауылында орын алған.

"Теміржол Су –Қостанай" ЖШС жұмысшылары су айдау мұнарасындағы құбырлардың кем-кетігін жөндеп жүрген.
"Олар техникалық құдыққа түскен. Үш жұмысшының денесі сол жерден табылды. Олардың бірі шебер, ал бірі жүргізуші, тағы бірі слесарь болып жұмыс істеген. Ал газэлектрдәнекерлеуші ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - дейді ол.

Қазір уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу