Қостанай облысында 39 елдімекенге су астында қалу қаупі бар

1025

Өңірдегі қазір негізгі су қоймаларының 75 пайызы толған. Тасқынынан қауіп наурыз айының соңы мен сәуірдің ортасында күшейеді деген болжам жасалды.

Қостанай облысында 39 елдімекенге су астында қалу қаупі бар

Қостанай облысында биыл су тасқынынан төнер қатер көп, деп хабарлайды 24.kz.

"Аймақта екі мыңдай адам тұратын 39 елді мекен судың астында қалуы мүмкін", – дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Бес аудандағы өзен-көлдерде 58 мың текше метр мұзды жару жұмыстары қолға алынады. Осылайша судың өз арнасымен еркін ағуына жағдай жасалмақ.

Өңірдегі қазір негізгі су қоймаларының 75 пайызы толған. Тасқынынан қауіп наурыз айының соңы мен сәуірдің ортасында күшейеді деген болжам жасалды.

Жалпы қызыл суға қарсы тұру шараларына 442 миллион теңге бағытталады.

 "Қаупі бар елді мекендерде инертті материалдар, қапшықтар, жанармай қорлары жеткілікті көлемде дайын тұр. Алдын ала әзірленіп қойған. Оған қоса, сол елді мекендерде қарды шығару, айналмалы өту каналдарын, арықтарын тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде", – дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу