Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тас жолдар қалыпқа келтіріледі

323

Республикалық маңыздағы 6 автожолдың жалпы жиыны 187 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тас жолдар қалыпқа келтіріледі Фото: canva.com

Биыл Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тас жолдар қалыпқа келтіріледі деп жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірдегі республикалық маңыздағы күре жолдардың жалпы ұзындығы 1534 шақырымды құрайды және оның 82% қанағаттанарлық деңгейде. Кейбір учаскелердің жөнделмегеніне 40 жылдай болғанын халық та, жолшылар да айтып жүр. Осы мақсатта өңірдегі автожолдарды қалыпқа келтіру бойынша ауқымды шаралар кешені басталмақ.

Биыл облыста республикалық маңыздағы 6 автожолдың жалпы жиыны 187 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жол жабыны жаңартылып, барлық пайдаланушыларға сапалы жолмен қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етіледі. Оның ішінде Р-63 "Денисовка-Тарвиченко-Аршалы-Комаровка" және Р-36 "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолдары 2023 жылы жөнделе бастаған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу