Қостанай облысында 54 шетел азаматы тұтқындалды

760

Қостанай облысында 54 шетел азаматы тұтқындалды

Қостанай облысында 54 шетел азаматы тұтқындалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қостанай шекарасы" стационарлық бекетінде 53 Өзбекстан және бір Әзербайжан азаматы бар автобус тоқтатылды. Полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны анықталды. Олар еліміздің аумағында тіркеусіз жүрсе, кейбіреулерінің тіркелу мерзімдері біткен. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қостанай мамандандырылған әкімшілік соты қарады. Сот отырысы барысында Өзбекстан азаматтары Астана қаласында құрылыста жұмыс жасап, кейіннен ақша табу мақсатында Челябинскіге (Ресей) аттанбақшы болғандарын айтты. Еліміздегі шетел азаматтарының ережесін бұзғандарын заңнаманы білмейтіндігімен түсіндірді.

"Соттың үкімімен шетелдік азаматтар әкімшілік жауапқа тартылып, 1-ден 5 тәулікке дейін әкмішілік қамауға алынды (баптың санкциясы 15 тәулікке дейін қаралады)", – деп хабарлады Қостанай қалалық прокуратурасының прокурор бөлімінен Айдар Бекназаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу