Қостанай облысында 6,5 мың ана "Алтын алқа" және "Күміс алқаның" иесі

1010

Сондай-ақ, өңірдегі 27196 кәсіпорын мен ұйымды 25 мыңнан астамын әйел басқарып отыр.

Қостанай облысында 6,5 мың ана "Алтын алқа" және "Күміс алқаның" иесі

Қостанай облысында 6500 әйел "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқамен марапатталған. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 8 наурыз мерекесіне орай өткізген салтанатты жиналыста айтты, деп хабарлайды egemen.kz.

"Сіздердің әр күніңіз ерлікке татиды. Басқасын былай қойғанда, Қостанай облысында 6500 ана "Күміс алқамен", "Алтын алқамен" марапатталғанын, 5000 нан аса отбасы көпбалалы екенін айтсақ та жеткілікті. Ал отбасы – кез келген мемлекеттің іргетасы", – деді Архимед Бегежанұлы.  

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияға облыс өңіріндегі көп балалы аналар, бизнестегі, өнердегі және экономика мен әлеуметтік саладағы еңбек майталмандары, ардагерлер жиналды.

Әйелдер бизнесте де, өнерде де, жалпы облыс экономикасының, әлеуметтік саласының дамуына ерлермен бірдей атсалысып отыр. Өңірде әйелдер кәсіпкерлігі дамып келеді. Облыстағы 27196 кәсіпорын мен ұйымды  25 мыңнан астамын әйел басқарып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу