Оқиға Арқалық қаласында болды, ақпаратты полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаның өткен түнде көшеде болғаны белгілі болды. Mercedes-Benz көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Ауылбеков көшесінде 7 жасар баланы қағып кеткен. Қостанай облысы жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен. Соққыдан баланың жамбас буыны көгерген.
Полиция бұл деректі тіркеді. Ата-анасы жүргізушіге ешқандай талап қоюдан бас тартты, деп хабарлады баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу