Қостанай облысында 94 жастағы соғыс ардагері сотталды

1011

Қостанай облысында 94 жастағы соғыс ардагері сотталды Фото: alau.kz

Бүгін, 15 ақпанда Қостанай облыстық соты Затобол кентінің 94 жастағы тұрғыны Иван Сурковқа үкім шығарды, деп хабарлайды alau.kz.

Сотталушыға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ ол психиатрдың бақылауында мәжбүрлі емдеуден өтетін болады.

Сотталушы сот шешімімен келіскен жоқ.

Оқиға 2018 жылдың 2 тамызында орын алған. Иван Сурков өзінің балдызы 80 жастағы Николай Давыдовты гантельмен ұрып, кейін пышақ жұмсаған. Зейнеткер алған жарақаттарынан көз жұмған. Сотта айтылғандай, ардагердің соғыс кезінде екі рет миы шайқалған. Ал 2016 жылы ол үйіне түскен ұрылардан зардап шеккен. Соттың дерегі бойынша, осы фактілер сотталушының жүйкесіне әсер еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу