Қостанай облысының Тобыл қаласында ағаш кесу цехының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел жетті.
Құтқарушылар келген кезде үгінділер мен бөренелер ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт 150 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу