Қостанай облысында әйел мен қыз баланың қатып қалған денелері табылды

392

Бір тәуліктен астам уақыт бойы жоғалған адамдарды полиция мен еріктілер іздеді. 

Қостанай облысында әйел мен қыз баланың қатып қалған денелері табылды Фото: Ашық дереккөз

Қостанай облысындағы ауылдың шетінен әйел мен қыз баланың денесі табылды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Осыған дейін 68 жастағы әйел мен 11 жасар қыз іздестірілді. "Наша Газета" басылымының хабарлауынша, 26 желтоқсан күні таңертең олар Степное ауылынан шығып, үйлеріне оралған жоқ. Бір тәуліктен астам уақыт бойы жоғалған адамдарды полиция мен еріктілер іздеді. Іздеуге 120-дан астам адам жұмылдырылды, иттері бар ит өңдеушілер де тартылды.

27 желтоқсан күні полицияда Степное ауылының шетінде жоғалған адамдардың мәйіттері табылғаны туралы хабарланды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді және қазіргі кезде болған оқиғаның егжей-тегжейлері анықталып жатыр.

"Жоғалған 68 жастағы әйел мен 11 жастағы қыздың тұрғылықты жері бойынша, ауылда із-түзсіз жоғалғандардың қайда екенін анықтау кезіндегі іздестіру шаралары барысында мәйіттердің қатып қалған күйі табылды. Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр және нәтижесі кейінірек белгілі болады", - деді Қостанай облысы полициясының іздестіру бөлімінің бастығы.

Сондай-ақ, аймақ полициясы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Бұдан бөлек, полицейлер жоғалған әйел мен қызды іздеуге қатысқандардың барлығына ризашылығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу