Қостанай облысында әйелдер емханаларда тіркеусіз және медициналық сақтандырусыз тексеріле алады

411

Облыста "Әйел саулығы – ұлт саулығы" акциясы өтеді. 

Қостанай облысында әйелдер емханаларда тіркеусіз және медициналық сақтандырусыз тексеріле алады Фото: top-news.kz

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 7-25 наурыз аралығында өңірдегі барлық мемлекеттік емханаларда 18-70 жас аралығындағы әйелдер үшін Ашық есік күнін өткізу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz  top-news.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл санатқа кіретін әр пациент медициналық сақтандырудың және тіркелудің бар-жоғына қарамастан, өңірдегі кез келген мемлекеттік емханаға жүгіне алады. Яғни, оларда бейінді мамандардың қабылдауында болып, УДЗ, ЭЭГ тексерулерінен өтуге мүмкіндік бар.

"Пациенттердің талап-тілегіне байланысты қабылдау анонимді түрде жүргізілуі мүмкін. Медициналық мекемелер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Алдымен тіркеу орнына жүгіну қажет", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу