Қостанай облысында әкімдік қызметкері ақша жымқырған - прокуратура

288

Ол өзіне және бөлімнің бұрынғы басшысына заңсыз жоғары жалақы тағайындаған.  

Қостанай облысында әкімдік қызметкері ақша жымқырған - прокуратура Фото: gov.kz

Қарабалық ауданының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кәсіпкерлік бөлімінің есепшісі өзіне және бөлімнің бұрынғы басшысына заңсыз жоғары жалақы төлеу арқылы 13 млн бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі, атап айтқанда ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – делінген прокуратура хабарламасында.

Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу