Қостанай облысында әкімдік қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

915

Күдікті қызбен әлеуметтік желіде танысқан.  

Қостанай облысында әкімдік қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Лисаковск әкімдігінің қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы kstnews.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға ішкі саясат бөлімінің басшысына қатысты қыздың анасынан арыз түскен. Әкімдік қызметкері қызбен әлеуметтік желіде танысып, өзіне ғашық қылған, ал жыныстық қатынастан кейін басқа құрбан іздеген.

Желідегі парақшасында өзінің шынайы жасын жасырып, әйелі, бала-шағасы барын айтпаған.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 бөлімі ("кәмелетке толмағанды зорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу