Қарабалық ауданында алимент бойынша берешегі бар екі борышкердің мүлкіне өндіріп алу қолданылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші жағдайда борышкердің кәмелетке толмаған баласына алимент бойынша қарызы 3,6 млн теңгеден асқан. Прокуратураның араласуынан кейін 2026 жылғы 6 мамырда Қарабалық аудандық соты борышкердің Қарабалық ауылындағы тұрғын үйіне өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарды.
Екінші борышкер 2019 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып келген. Оның берешегі 3,4 млн теңгені құраған. Прокуратураның бастамасымен борышкердің жылжымайтын мүлкінің ½ бөлігіне өндіріп алу қолданылды. Қазір пәтер үлесін берешекті өтеу есебінен өндіріп алушыға беру рәсімі жүргізіліп жатыр.
Прокуратура алимент төлеу міндеті бала кәмелетке толғанға дейін сақталатынын еске салды.