Қостанай облысында алып сәби дүниеге келді

147

Федоров ауданы Банновка ауылының тұрғыны Валентина Жорова салмағы тура бес келі ұлды өмірге әкелді, деп хабарлады inbusiness.kz ақпарат порталы.

Қостанай облысында алып сәби дүниеге келді Фото: canva.com

Федоров аудандық ауруханасының дәрігерлерінің айтуынша, операция сәтті өтті, босанған әйел өзін жақсы сезінеді. Бастапқыда табиғи босануды жоспарлағанымен, медициналық көрсеткіштерге сәйкес, кесір тілігін жасауға тура келді. Нәрестенің есімін Андрей деп қойды.

"Соңғы ультрадыбыста баланың салмағы 4250 г көрсетті. Сол кездің өзінде таңғалып едім, соңында бес келі сәби дүниеге келеді деп ойламадым", – деді Валентина Жорова.

Аурухананың медициналық қызметкерлері перзентханасында мұндай оқиға алғаш рет болып отырғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу