Қостанай облысында "Antares" қаржы пирамидасын ұйымдастырушысы сотталды

577

Сот сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. 

Қостанай облысында "Antares" қаржы пирамидасын ұйымдастырушысы сотталды Фото: Almaty.tv

Пирамида ұйымдастыру фактісін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

2021 жылы сотталушы "Antares" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдар алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқаны, күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты.

Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілді.

Сот сотталушының 3 жас баласының болуы мен жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу