Қостанай облысында ісіне салғырт қараған ветеринарға айыппұл салынды

271

Олар жалпы соммасы 369 200 тенгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысында ісіне салғырт қараған ветеринарға айыппұл салынды Фото: Pixabay.com

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының прокуратурасы ауданның Ветеринариялық станциясының қызметін тексеру барысында ветеринария саласындағы заңнаманың бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, Красный Кордон ауылы, Новоалексеев, Свердлов, Большечураков, Обаған, Димитров және М.Хакимжанова атындағы ауылдық округтердің ветеринариялық дәрігерлерімен аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында ветеринариялық шаралар өткізілмеген.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті мемлекеттік органның мекен-жайына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Оны қарау нәтижесінде аталған елді мекендердің ветеринариялық дәрігерлері жалпы соммасы 369 200 тенгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның араласуынан кейін ветеринариялық дәрігерлер үй малдарының арасында аурудың алдын алу бойынша қажетті шараларды жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу