Қостанай облысында Аshyq жобасына базарлар қосылды

594

Қостанайдағы "Дархан" базары және Рудныйдағы "Бақ-Бақ" базары келушілерді енді Ashyq қосымшасымен ғана кіргізеді. Базарлардың жекелеген жалға аулшылары да QR-кодтарды алып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында Аshyq жобасына базарлар қосылды

"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысына сәйкес шектеулер енгізілген жағдайда жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігі бар жобаның толыққанды қатысушыларының тізімі едәуір кеңейтілді. Балалар сауықтыру орталықтары, сұлулық салондары, шаштараз және маникюр мен педикюр салондары, сондай-ақ білім беру нысандарымен қатар "Атамекен" ҰКП бастамасымен жобаға сауда ойын-сауық орталықтары да қосылды. Өңір "жасыл" немесе "сары" аймақта болса бұл нысандар шектеусіз жұмыс істей алады. "Қызыл" аймақта оларға демалыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, "қою қызыл" аймақта сағат 7:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат", – деп түсіндірді Мұрат Әбенов.

Жобаға жақын арада "Нариман" және "Нижняя оптовка" базарлары қосылады. Облыстық орталық және қалалардағы базарлар "Ashyq лидерлері" статусын алу үшін 2 аптада 25 000 мыңнан тіркеу жинау керек, басқа нысандарда 2 аптада 10 000 тіркеу жүргізсе лидерлікті ала алады.

 Естеріңізге сала кетейік, "Ashyq лидерлері" келесі жеңілдіктерді қарастырады:

  • "қызыл" аймақтағы қатысушылар "сары" аймақ шарттары бойынша жұмыс істейді;
  • "сары" аймақтағы қатысушылар "жасыл" аймақ шарттары бойынша жұмыс істейді:
  • "жасыл" және "қою қызыл" аймақтағы қатысушылар үшін жұмыс кестесі 2 сағатқа ұзартылып, келушілер толымдығы 10 пайызға артады;
  • тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, ұжымның 90%-ы вакцинаның бірінші компонентін салдырса нысанның толымдығы 20 пайызға артады.

Қостанай облысында барлығы 3000-нан астам мекеме мен ұйым жобаға қатысуға өтінім берді. 2261 толыққанды қатысушы ретінде жұмыс істесе, 588-і сынақ режимінде, тағы 118 кәсіпорын өтінімді ресімдеу кезеңінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу