1 тамызда 21:50 шамасында "Компания САЛАМАТ" ЖШС диірмен кешенінің аумағында екі астық қоймасы қирады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Болжам бойынша, оған найзағай түскен. Бұл жағдай апат деп қарастырылады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облыстық департаментінің Өндірістік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", делінген ҚР ТЖМ Өндірістік қауіпсіздік комитеті мәліметінде.
Оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрі анықталғаннан кейін, департамент апатты тергейтін комиссия құрады. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу