Қамысты аудандық ауруханасының қызметкері Оксана Ройко медициналық мекемеге тиесілі мүлік ұрлығын ашқан полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жолдады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға белгісіз біреуден 100 мың теңгеден астам сомаға медициналық жабдықтың ұрланғаны туралы арыз келіп түсті. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында ұрлықты аурухана қызметкерлерінің бірі жасағаны анықталды.
– Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті өзінің жұмысын ешкім бақыламайтынына көз жеткізіп, осы сәтті пайдаланып, еден үстілік таразы, қандағы қантты анықтауға арналған аспапты, алкотестерді ұрлап кеткені белгілі болды, – деді полиция бөлімі бастығының орынбасары Төлеген Қайырлапов.
Оксана Ройко өзінің алғыс хатында полицейлерге жеделдігі үшін алғысын білдіреді. Ол тергеуші Сәлімжан Рахметулин мен жедел уәкіл Владимир Николайдың жұмысын атап өтті