Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімдері 0,4%-ға қымбаттады

810

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімдері 0,4%-ға қымбаттады

Қостанай облысының статистика департаменті хабарлағандай,  барлық арналар бойынша өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағалар индексі 2017 жылғы ақпанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,4% құрады.

Өткізу бағалары өсімдік шаруашылығы өнімдерінен картопқа 6,7%, жаңа жиналған көкөністерге – 1,2% жоғары болды, дәнді дақылдарға – өзгеріссіз қалды.

Өткізу бағалары шикі сүтке 7,8%, мал мен құсқа (тірі салмақта) – 2,6% жоғары болды, тауықтың жұмыртқасына – 14,4% төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу