Жоспарланған жобаларды іске асыру нәтижесінде сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Жітіқара ауданында 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық сумен жабдықтау бойынша 87,8%-дан 93,9%-ға дейін өседі.
Жолдар мен көшелерді жөндеуге 443,4 млн. теңге салынды. Жобаларды іске асыру 2025 жылға қарай ауыл жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 83,7%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласына 748,5 млн.теңге бөлінді, бұл өткен жылдан 6,4 есе көп.
Көшені жарықтандыруға 7,0 млн. теңге бөлінді.
Жітіқара ауданында 2023 жылы білім беру саласын дамытуға қосымша 167,3 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылдан 1,6 есе көп. Соңғы жылдары жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге 17 білім беру нысаны жөнделді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында 2023-2025 жылдарға Жітіқара ауданы бойынша жалпы құны 1 млрд.953 млн. теңге, 76 жұмыс орнын құрумен 16 және инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.