Қостанай облысында Құсмұрын ауылын электр жарығымен қамтамасыз ететін қосалқы станса өртенді, деп жазды Inbusiness.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2021 жылдың 22 желтоқсанында Әулиекөл ауданында Құсмұрын кентінде елді мекенді электрмен қамтамасыз ететін қосалқы станса өртеніп, аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтердің қатысуымен жедел штаб құрылды. Өрт 70 шаршы метр аумақты шарпыды", – деп жазылған хабарламада.
Кейін трансформаторда май жанғаны анықталды. Өртті сөндіруге алты техника қатысты: құм бар пойыз, екі өрт сөндіру пойызы және басқа да өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ жеке құрамнан 40 адам жұмылдырылды.
Қарасу және Науырзым аудандарының электр желілерін қайта қосу арқылы ауылды жартылай электр жарығымен қамту қалпына келтірілді.