Қостанай облысында аязда қалған екі әйел қайтыс болды

1010

Синоптиктер аяздың апта соңына дейін сақталатынын болжады.

Қостанай облысында аязда қалған екі әйел қайтыс болды

Қостанай облысында саршұнақ аяздан үсік шалған 2 келіншек қайтыс болды. Бірі – 28, екіншісі – 51 жаста болған.

Бет қаратпайтын суықтан сақтану үшін өңірдің төтенше жағдайлар департаменті көшеге шықпауға кеңес беруде. 

Астаналықтарды да қатты аяз қысып барады. Үсіп қалған 14 тұрғын дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Ақ халаттылардың хабарлауынша, олардың 4-уі – бала. Жағдайы ауырлаған 2 жасар бүлдіршін қалалық № 2 балалар ауруханасына жеткізіліпті.

Қазір қалада термометр көрсеткіші -29 градусты көрсеткенімен, -40 боп сезіліп отыр. Бүгін әлекке салған сақылдаған сары аяздан қорғану мақсатында тұрғындар үшін жылыну бекеттері ашылды. Шаһардағы мұндай орындар сауда үйлерінде, спорт кешендері мен университеттерде орнатылған. Бұдан бөлек, жабық аялдамаларда бой жылытып алуға мүмкіндік бар.

Бұған дейін дауылды ескерту жариялаған синоптиктер аяздың апта соңына дейін сақталатынын болжады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу