Ұзынкөл ауданында ауа температурасының төмендеуі мен қатты желден 1-сынып оқушылары қашықтықтан оқитын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті білім басқармасының хабарлауынша, бірінші ауысымдағылар мен 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшті.
Бұл шектеу аталған мектептерге қатысты: №1 Ұзынкөл орта мектебі, К.Дөненбаева атындағы орта мектеп және Троебратская орта мектебі.
Айта кетейік, бұл өңірде ауа температурасы желмен бірге -25°С-қа дейін төмендеді.
Қалған оқушылар әдеттегідей оқуларын жалғастырып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу