"Халық" қайырымдылық қоры да өз үлесін қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мәселен, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрттерінен зардап шеккендер үшін 91 жаңа үй салу жоспарланған, 280 орындық жаңа балабақша салынады, оның құрылысына "Халық" қайырымдылық қоры 1,3 млрд теңге бөлді.
Құрылыс жақын арада басталады, ал келесі жылы жаңа балабақша өзінің кішкентай тәрбиеленушілерін қабылдауға дайын болады.
"Біз барлық зардап шеккендерге жанашырлық танытамыз және біздің үлесіміз, қамқорлығымыз бен қолдауымыз оларға ауыр апаттан өртке оранған ғимараттарды қалпына келтіруге көмектеседі және жақын арада олар әдеттегі өмірге орала алады деп үміттенеміз", – делінген "Халық" қайырымдылық қорының хабарламасында.