Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге 91 жаңа үй салу жоспарланып отырған ауданда 280 орындық жаңа балабақша салынады, оның құрылысына "Халық" қайырымдылық қоры 1,3 млрд теңге бөледі.
Құрылыс жақын арада басталып, келесі жылы жаңа балабақша тәрбиеленушілерді қабылдауға дайын болады.
"Біз зардап шеккендердің барлығының қайғысына ортақ болып, біздің үлесіміз, қамқорлығымыз бен қолдауымыз олардың ауыр зардаптардан айығуына және жақын болашақта олардың қалыпты өмірлеріне оралуына көмектесетініне сенім білдіреміз", – делінген "Халық" қайырымдылық қоры мәлімдемесінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу