Қостанай облысында балалар отырған шағын автобус өртенді

267

Балалар жарысына қатысу үшін 90 оқушы төрт көлікпен жолға шыққан, арасындағы бір автобус өртенді. 

Қостанай облысында балалар отырған шағын автобус өртенді Фото: ДЧС по Костанайской области

Қостанай облысында балалар отырған шағын автобус өртенді, деп жазады inbusiness.kz сайты qostanay.tv порталының жаңалықтарына сілтеме жасай отырып.

Бүгін, 3 қараша күні сағат 09:09-да "Арқалық-Торғай" облыстық маңызы бар тас жолында Арқалық қаласынан 60 шақырым жерде "ГАЗель" маркалы автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Балалар жарысына қатысу үшін 90 оқушы төрт көлікпен жолға шыққан. Арасындағы бір автобус өртенді.

Жүргізуші мен ұстаздардың арқасында балалар жанып жатқан көліктен дер кезінде шығарылды. Олар басқа автобустарға отырғызылып, колонна ары қарай жүріп кетті.

Қазір балалардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу