Қостанай облысында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

142

Жасөспірім 16 қарашада жоғалып кеткен болатын.

Қостанай облысында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қостанай облысында 13 жастағы жасөспірім өлі күйінде табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қостанай облысының Қарабалық ауданында 16 қарашада сағат 16:30 шамасында үйінен Тоғызақ өзеніне балық аулауға шығып кеткен 2011 жылы туған жасөспірімді іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстарымен құтқарушылар, полицейлер, еріктілер айналысты. Іздестіру жұмыстарына жоғалған адамның туыстары, кинологиялық бригадалар мен жүзу құралдары жұмылдырылды, – деп хабарлады жергілікті ТЖД.

Алайда, құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Жеткіншектің денесін төтенше жағдайлар қызметі тауып, су бетіне шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу