Қостанай облысында балықшы өзенге батып кетті

370

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қостанай облысында балықшы өзенге батып кетті Фото: ufa1.ru

Қостанай облысында өзеннен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға Бейімбет Майлин атындағы ауданда болған. 

Козырьковка ауылынан Тобыл өзеніне балық аулауға кеткен жергілікті тұрғынның жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Құтқарушылар мен полицейлер іздеу жұмыстарын бастады.

"Тобыл өзенінде 2,5 метр тереңдікте, жағалаудан 5 метр қашықта балық аулау кезінде суға батып кеткен 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылып, судан шығарылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", — деді облыстық ТЖД дағдарыстық жағдайларды басқару бөлімінің бастығы Бақыт Оразов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу