Қостанай облысында балықтар жаппай қырылды

595

Мамандар балықтардың қырылу дерегін растады.

Қостанай облысында балықтар жаппай қырылды Фото: tengrinews.kz

Облыстағы Заречный елдімекеніндегі көлде балықтар қырылды, деп жазады inbusiness.kz kstnews.kz порталына сілтеме жасап. 

Тобыл-Торғай облыстық бассейндік балық инспекциясының мамандары су сынамасын алды. Оның нәтижесі келесі аптада шығады деп күтілуде.

Балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жұлдыз Нұғманованың сөзінше,  балықтардың қырылуына көлдің таяз болуы мен қатып қалуы себеп. Оның тереңдігі шамамен бір жарым метрді құрайды.

Жұлдыз Нұғманованың айтуынша, 577 келі мөңке балығы қырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу