Жанында күйеуі болған: Қостанайда белгісіз ер адам әйелді бауыздап кеткен

479

Қостанай облысы Құсмұрын ауылында жер үйлердің бірінің ауласынан мойны кесілген әйел табылды. 

Жанында күйеуі болған: Қостанайда белгісіз ер адам әйелді бауыздап кеткен Фото: kazan.med-firmika

Оқиға орнына келген жедел жәрдем әйелдің көз жұмғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 20 шілде күні болған. Марқұмның жанында күйеуі болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне 40 минут бұрын әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты.

Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артынан және бетінен пышақ жарақатын алған. 

"Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу