Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған

528

Олардың екпе алмағаны белгілі болды.

Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған Фото: inbusiness.kz

Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған. Бір бала бір жасқа да толмаған, ал қалғандары бір жастан беске дейінгі балалар, - деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Балалар бұл инфекцияға қарсы екпе алмағаны атап өтілді. Үш баланың ата-анасы жеке сеніміне байланысты екпеден бас тартқан.

"Көкжөтел - Bordetella тұқымдас бактериялар тудыратын жұқпалы ауру. Ауру катаральды белгілері бар пароксизмал жөтелмен сипатталады. Бұл жағдайда науқаста жүрек-қан тамырлары, тыныс алу органдары және жүйке жүйесі зақымдалады", - деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досумова.

Көкжөтелдің инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін. Ең тиімді профилактикалық шара - екпе алу. Вакцинация ата-анасының рұқсатымен балаларға жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу