Қостанай облысында бір айға жуық уақытта 3 балықшы суға кетті

483

Қайғылы оқиғалар күзгі балық аулау кезінде болған.

Қостанай облысында бір айға жуық уақытта 3 балықшы суға кетті Фото: Sputnik / Анатолий Устиненко

2026 жылғы 20 қазан мен 14 қараша аралығында Қостанай облысындағы су айдындарында балық аулауға шыққан үш ер адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдайлар үш ауданда тіркелген.

20 қазан күні Әулиекөл ауданы Диевка ауылының маңындағы Мырзакөл көлінде Тобыл қаласының 60 жастағы тұрғыны суға батып кеткен.

7 қарашада Ұзынкөл ауданы Әміреш ауылына жақын Бабье көлінің қамысты алқабынан 61 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол жағадан 500 метр қашықтықта жатқан. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысқан.

14 қарашада Бейімбет Майлин атындағы ауданның Евгеновка ауылы маңындағы Матай көлінен Қостанай ауданы Константиновка ауылының 53 жастағы тұрғынының денесі табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, былтыр осы кезеңде өңірдің су айдындарында адам өлімі тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу