Өңірде "Пәтер" жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр. Алғашқы күнде бұрын тіркелген 12 пәтер ұрлығының беті ашылды. Оның 5-уі былтыр болған, деп хабарлайды 24.kz.
Ұрланған заттарды өткізетін 26 орын мен 15 жалға берілетін пәтер тексерілді.
Ашылған қылмыстардың ішінде 2018 жылдың соңында болған тонау дерегі де бар. Сол кезде Мичурин ауылындағы жеке үйден ақша және құны 7 миллион теңгеге бағаланған алтын бұйымдары қолды болған. Шұғыл тергеу амалдары барысында 29 жастағы ер адам ұсталды.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу