Қостанай облысында бір үйдің 3 адамы ыстан уланып қайтыс болды

401

Қайғылы оқиға 30 қазанда Лесное ауылында болған.

Қостанай облысында бір үйдің 3 адамы ыстан уланып қайтыс болды Фото: pexels

Қостанай облысында екі бала мен олардың анасы ыстан уланып көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz Alau.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеке тұрғын үйде қатты отынмен пешті жылыту кезінде 1975 жылы туған үй иесі көмірқышқыл газынан уланып, аудандық ауруханаға жатқызылған.

"1984 жылы туған әйел мен 2013 және 2008 жылдары туған балалар оқиға орнында көз жұмған. Оқиға орнына Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлері барды. Адамдар өлімі мен жарақатының алдын ала себебі: пештің сылақ жүргізілмеген сызаттары мен сыртындағы шойын тақтайшаның жарылуы салдарынан көміртегі тотығынан улану", деп хабарлады ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу