Қостанай облысында бірден үш көлік апаты болды

510

16 қаңтарда Сұлукөл ауылдық округінің Юльевка ауылының маңындағы Әулиекөл-Жалдама тас жолының 33-шақырымында жол-көлік оқиғалары болды.  

Қостанай облысында бірден үш көлік апаты болды Фото: polisia.kz

Қостанай облысында бір жолда бірден үш жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Арқалық қаласының тұрғыны Lada көлігін басқара алмай, кюветке аударылды. Апат салдарынан 2009, 1980 және 1987 жылдары туған жүргізуші мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Көп ұзамай Наурызым ауданының Шолақсай ауылының тұрғыны JAC J7 автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздікке көз жеткізбей, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Меңдіқара ауданының Боровское ауылының тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21154 автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 4 адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Үшінші қақтығыс алдыңғы апат салдарымен күресіп жатқанда болады. Hunday жүргізушісі – Караменді ауылының тұрғыны қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы жолаққа шығып, бұрын ВАЗ-21154-пен соқтығысқан JAC J7 көлігін эвакуациялап жатқан Әулиекөл ауылының тұрғынының басқаруындағы Audi-80 көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

ЖКО салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жатқызылды. 13 жастағы жолаушы облыстық балалар ауруханасына, ал 46 жасар жолаушы Әулиекөл АА жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу