Рудный полициясы Федоров АІІБ жедел қызметкерлерімен ынтымақтастықта бірнеше автомашинаны ұрлаған 21 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Ол 30 тамыз күні түнде Рудный қаласының Горняков көшесінде "Ваз-2106" автомашинасын ұрлап кеткен. Келесі факті "50 лет Октября" көшесінде 3 қыркүйекте тіркелген. Күдікті бұл жолы аулада тұрған "Ваз-2107" машинасын қолды еткен. Сондай-ақ ол 5 қыркүйекте Корчагин көшесінде тағы бір "Ваз-2106" көлігін ұрлаған. Тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлері нөмірсіз үш көлікті де Федоровка ауылынан тапты", - дейді облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері.
Жәбірленушілерге жеткізілген зиянның жалпы сомасы миллион теңгеден асады, ал күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.