Қостанай облысының Федоровка ауылында бұрынғы асфальт-бетон зауытының аумағында битум жанып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"27 сәуір күні сағат 15:36-да "101" пультіне Федоров ауданының Федоровка ауылындағы Жеңіс көшесі бойында, бұрынғы асфальт-бетон зауытының аумағында битум жанып жатқаны туралы хабарлама түсті", - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің ауданы 800 шаршы метрді құрайды. Жалын 2 гектар аумақтағы құрғақ шөпке тез тараған.
Қалың түтін салдарынан өрт сөндіру жұмыстары қиынға соғып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу