Қостанай облысында диірмен кешеніне найзағай түсті

395

Апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылады.

Қостанай облысында диірмен кешеніне найзағай түсті Фото: ҚР ТЖМ

Қостанай облысында диірмен кешеніне найзағай түсіп, екі астық қоймасы құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

"1 тамызда сағат 21:50 шамасында "Компания САЛАМАТ" ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлаған (2 астық қоймасы). Алдын ала ақпараттарға сәйкес, бұл нысандарға найзағай тиген. Жағдай авария ретінде тіркелді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін департамент аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрады.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу