Қостанай облысында егілген егіннің 25 пайызы, яғни 1 млн гектардан астам алқаптың астығы орылды, деп хабарлайды 24.kz.
Орақ науқаны әсіресе оңтүстік аймақтарда қызып тұр. Атап айтқанда Амангелді ауданының диқандары бидайдың 40 пайызын қамбаға құйып үлгерген. Егісті уақытында аяқтап, жер өңдеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізген торғайлық шаруалар жауын-шашын аз болған биылдың өзінде ойдағыдай өнімге қол жеткізіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу