Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көшпелі брифингте Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз еткен аймақ басшысы өңірде салынып жатқан мектеп құрылыстарына тоқталды.
– Облыста 8 мың орындық 11 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 6-ауы – "Жайлы мектеп" жобасы шеңберінде. Биыл осындай екі мектеп ашылды, тағы 4 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Қалған 5 мектеп 2025 жылы іске қосылады. Ағымдағы жылы 155 білім беру нысанын жөндеуге 7 млрд теңге бағытталды, – деді Қ.Ақсақалов.
Сонымен қатар, облыс әкімі өз сөзінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына басымдық беретінін жеткізді.
– Біз мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуге ерекше назар аударамыз. Бір жылдың ішінде 1167 орындық 7 балабақша салынды. Қостанай қаласындағы "Аэропорт" шағын ауданында 280 орындық тағы бір балабақшаның құрылысы жандануда. Осы жылдың қорытындысы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамту 90 пайыздан 92 пайызға артты. 2025 жылға қарай қосымша 8000-ға жуық оқушы және 1500 мектепке дейінгі орын құрылады, – деді ол.