Қостанай облысында қыркүйек айында электр қуатының орташа құны 1 теңге 14 тиынға төмендеді. Яғни бір киловаттың бағасы наурызда 19 теңге 14 тиын болса, қазір 18 теңгеге дейін арзандаған, деп хабарлайды 2kz.
Мамандардың сөзінше, Қостанай облысындағы электр желілерінің басым бөлігі 40-50 жыл бойы ауыстырылмаған. Демек мерзімі өтіп, тозығы жеткен. Оларды жаңартып, жөндеу үшін арнайы инвестициялық бағдарлама қабылданыпты. Соңғы екі жылда осы мақсатқа 800 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу