Арқалықта полицейлер азаматтық қаруы бар сейфтің ұрлығын ашты. Қылмыс күдігі бойынша криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 34 жастағы Арқалық қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол Ашутасты ауылының тұрғынының үйінен 12 калибрлі екі мылтығы бар сейфті ұрлап әкеткен.
Қару заңға сәйкес сақталды, қабырғаға және еденге бекітілген сейфте болған.
Ер адам қылмыс жасағанын мойындады, ұрланған мүлік тәркіленді. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу